"Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу негізінде университетте "Мирас" университетінің білім алушылары мен қызметкерлерінің санитариялық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз ету және оны сақтау регламенті бекітілді.
Регламент келесі бөлімдерден тұрады:
- Университет корпустарында санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз ету. Бұл бөлім университет ғимаратында жүргізілетін дезинфекциялық шараларды реттейді.
- Университет корпусына кіру кезіндегі бақылау. Бұл бөлімде университетке келген барлық адамдарға қатысты маска режимін сақтау және дене температурасын бақылау талаптары алға қойылады.
- Университет корпустарында білім алушылардың санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтауы. Бұл бөлім университет білім алушыларының бетперде режимін, гигиеналық талаптарды, әлеуметтік қашықтықты сақтауын анақтайды.
- Университет корпустарында қызметкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауы. Бөлім университет қызметкерлеріне кабинеттерді санитариялық өңдеу үшін жұмыс күні ішінде техникалық үзілістерді сақтау, жұмыс кабинеттерінде әлеуметтік қашықтықты сақтау, тамақтану пункттері мен кітапханада кезекке тұруды болдырмау, сондай-ақ білім алушылар мен қызметкерлер арасында жеке гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы тұрақты нұсқама өткізу бойынша талаптарды қояды.
- Жатақханада тұратындардың санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауы. Бөлім университет жатақханасында тұратын білім алушыларға санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау, студенттермен құрылғыларды пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережелерін және басқа да талаптарды сақтау бойынша іс-шаралар өткізу, сондай-ақ жоғарыда аталған шараларды бақылау бойынша талаптар қояды.
- Оқу процесін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес ұйымдастыру. Бөлім академиялық кезеңге дайындық кезінде университеттің жұмысын ұйымдастыруды белгілейді («жылжымалы» сабақ кестесі және өзгерістер, университеттің әртүрлі аудиторияларындағы әлеуметтік арақашықтық).
Ереженің толық мазмұнымен университет сайтында немесе ақпараттық-білім беру порталында танысуға болады.