Құрметті "Мирас"университетінің қызметкерлері мен білім алушылары!
Академиялық күнтізбеге сәйкес 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрі 2021 жылдың 1 ақпанынан басталады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 "коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (28.12.2020 ж. өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ № 548 Бұйрығы) 2020-2021 оқу жылының екінші семестрі мынадай форматтарда ұйымдастырылады:
- Күндізгі бөлімнің 1 курс студенттері үшін дайындықтың барлық бағыттары бойынша аралас форматта.
- "Дене шынықтыру және спорт мұғалімі" білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттері үшін оқыту аралас форматта жүзеге асырылады.
- "Дене шынықтыру және спорт мұғалімі" білім беру бағдарламасынан басқа, дайындықтың барлық бағыттары бойынша қашықтықтан оқыту форматында 2 және 3 курстарда оқуды жалғастыру»
- Бітіруші курстардың білім алушылары үшін оқыту аралас форматта жүзеге асырылатын болады.
- Магистранттар үшін оқыту аралас форматта ұйымдастырылады.
- Шетелдік студенттерді оқыту қашықтық форматта жалғасатын болады.
- Аралас оқу түрінде оқып жатқан студенттерге университет кезек бойынша жатақханадан орындар береді. Жатақханадан орын алу үшін жеке кабинетіңізге кіріп электронды түрде өтініш жазу керек.
Оқыту міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз ету регламентіне сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық режим талаптарының сақталуын және оны Мирас университетінің білім алушылары мен қызметкерлерінің қадағалауын ескере отырып ұйымдастырылады (сілтеме)