10 ақпан 2021 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Калмурзаева Майра Есенбекқызымен жаңа кодекске арналған, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» тақырыбында «Құқықтану» мамандығының студенттері үшін онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Судья Калмурзаева Майра Есенбекқызы әкімшілік рәсімдерді реттеу кезінде «әкімшілік орган» ұғымын кодексте бекіту ұсынылғанын айтты. Жеке тұлғаларды билік субъектілерінің ықтимал теріс пайдалануынан қорғау үшін жаңа қағидалар енгізілуде. Сонымен қатар, заң билікке азаматтарға қатысты басқарушылық шешімдер қабылдаған кезде «кері байланыс» беретін процедуралық кепілдіктерді белгілейді. Кодекс заңды шешімдердің күшін жоюдың ерекше тәртібін енгізеді. Құжатта даудың жекелеген санаттарын қоспағанда, дауларға сотқа дейінгі міндетті апелляциялық институт енгізілген. Шағымды қарау бойынша іс-шаралар жеделдетілген тәртіпте жиырма күнге дейін жүреді. Құжаттың негізгі мақсаты кейбір заңнамалық актілердің нормаларын Кодекс ережелеріне сәйкес келтіру, сондай-ақ құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жою болып табылатындығын атап өтті.
Нәтижесі: жаңа «Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу іс жүргізу кодексін» түсіндіру және ақпараттандыру.