14.12. 2020 жылы сағат 14:30-да «Құқық» мамандығының 1 курс студенттерімен «Қазақстанның тәуелсіздік күні: мемлекеттің қалыптасу тарихы» тақырыбында пікірталас өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты: студенттердің ел тарихына деген танымдық қызығушылығын дамыту, өз еліне, оның бай тарихы мен қиын тағдырына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін, туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Іс-шара барысында аға оқытушы Шинтаева Ф.Е. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуының қиын жолдары мен кезеңдері туралы айтып берді, студенттерге «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында слайдтар көрсетілді.
Студенттер Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихының мәселелері туралы белсенді түрде әңгімеледі. Олар Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін бекіткен негізгі заңдарды атады.