21 қазан 2020 жылы «Мирас» университеті IT және телекоммуникация секторының аға оқытушысы Алимбекова А. Т. ZOOM платформасында онлайн режимінде «Адалдық алаңы – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлықтан жалпы бас тартуды қалыптастыру» тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Сыбайлас жемқорлық туралы жалпы мәліметтер беру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу шаралары және болдырмау үшін қандай шараларды жасалу керектігін талқылу, студенттерде нақты азаматтық ұстанымды, патриотизмді қалыптастыру, сонымен қатар студенттердің саяси сауаттылығын арттыру.
Дәріс барысында тақырыпқа байланысты презентация қойылды.
Нәтижесі: студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылып отырған шаралар бойынша пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге, сыбайлас жемқорлықты болдырмау шараларын қарастыруға ниеттерін білдірді.