10 желтоқсан 2020 жылы «Мирас» университеті бизнес және басқару секторының э.ғ.к., аға оқытушы Туребаева Ж.К. онлайн режимде «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенттерімен «Желтоқсан құрбандарын еске алу» тақырыбында ашық тақырыптық сағат өткізді.
Мақсаты: Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында Туребаева Ж.К. желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете түсіндіріп өтті.
Нәтижесі: студенттерге презентация көрсетіліп, талқылау жүргізілді. Студенттер өз ой-пікірлерін білдірді.