2020 жылдың 21 қарашасында онлайн режимінде қазақ тілі мен әдебиеті секторының аға оқытушысы Тажибаева Ж.Ш. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттерімен «Екінші мұғалім» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың басты мақсаты – студенттерді әл-Фарабидің ғылыми мұрасының көп қырлы қызметі мен өмірімен таныстыру.
Семинарда топ студенттері белсенді қатысты, өз сөздерінде әл-Фарабидің жеке тұлға, данышпан ретінде әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы, шығармаларының мағынасын, оның әртүрлі мәдениеттердің жақындасуына әсерін ашты.
Бұл семинардың мақсаты студенттерге өткенді зерделеудің маңыздылығын, уақыттың байланысын көрсету болды, адамгершілік мәселелерін көтеру, іздеу және зерттеу жұмыстарына, әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге деген қызығушылықты ояту.
Нәтижесі: Студенттер әл-Фарабидің өмірімен және шығармашылығымен танысты, ғалымның ерекше тұлға болғандығын атап өтті.