23.11.2020 жылы «Мирас» университеті ІТ және телекоммуникациялар секторының магистр, аға оқытушысы Алимбекова А.Т. «IT технологиялар және бағдарламалау» мамандығының 1 курс студенттерімен бірге жоспарға сәйкес «Елдіктің бастауы» документальды фильмін қарап, талқылау жүргізді. Фильмді талқылау онлайн форматта өтті. Алимбекова А.Т. «Елдіктің бастауы» документальды фильмінің негізгі мазмұнын ашып, Елбасы, Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан үшін қосқан үлесін және жасаған еңбектерін айтып берді. Студенттер белсене қатысып, фильм туралы өз ойларын білдірді.