13.11.2020 сағат: 09-30 ZOOM форматында "Мирас" университетінің БФ-911 к-1, к-2, к-3, к-4, к-5, к-6, к-7 топтарының студенттерімен тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес "Тәуелсіздік тірегі – төл теңге" тақырыбында ашық тақырыптық сағат өткізілді.
Іс - шараның мақсаты- студенттерді тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен толық таныстыру,төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру.
Әңгімелесу барысында Бүгінгі теңге тұтастай Қазақстан мен оның барша азаматтарының дербес тіршілігінің, мемлекет тәуелсіздігінің айғағы болып отыр; Ұлттық ақша осы жылдар ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен түрлі қаржы дағдарыстарына төтеп беріп қана қоймай, жұртшылық тарапынан инвестициялық сенімге де ие болды; Олай дейтініміз 1999 жылдан бері нарық реттейтін еркін бағам ағысына шығарылған ұлттық валюта соңғы кездері 1 АҚШ долларына қатысты тұрақтылығын ұстап келе жатқандығы атап өтілді.
Нәтижесінде магистр, аға оқытушы М.О.Бекебаева студенттер өз бойында патриоттық сезімді жоғарылатып, қаржы саласын терең меңгерген маман болуға ұмтылу керек деген қорытынды жасады.