09.10.2020 11.30-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тұтастығы және қалыптасуы» тақырыбында студенттердің «Шымкент Адалдық Алаңы» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жобалық кеңсесінің жетекшісі Қамбар Жани Сайдуллаұлымен кездесу өтті. Пайдаланылған платформа: Zoom
Кездесу барысында әлеуметтік және тәрбие жұмысы бойынша проректор Султанова В.И. парасаттылық сөзінің ұғымын ашып, «Мәңглік Ел» принциптері, «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасы, сондай-ақ көрнекті қазақ ағартушылары А.Құнанбаев, Әл-Фарабидің еңбектері туралы айтып өтті. Сонымен қатар, жақсылық жасау, әдептілік, ар-ождан деген ұғымдары жайлы да сөз қозғады. Кездесу қонағы Қамбар Ж.С. «Шымкент Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс бағыттары туралы айтып берді. Академиялық адалдық қағидалары, ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты ақпаратты беру жолдары мен тәсілдері туралы барлық студенттерді қазақ қоғамының адал және парасатты азаматтары болуға шақырды. Студенттер қонаққа кездесу үшін алғыстарын білдірді.