19.09.2020 күні «World clean up day» Дүниежүзілік акциясы аясында Шымкент қаласында Дендро саябағында сенбілік өтті. Сенбілікке Мирас универсиетінің белсенділері мен Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы қатысты. «Волонтер» жылына орай акцияның өтуіне қалалық жастар ұйымдарының белсенділері, қала қызметкерлері ат салысты. Олар Шымкент қаласы бойынша экология департаменті қызметкерлерімен бірге Бадам өзені аумақтарын тазалап, қоқыстарды түріне қарай бөлек жинады.
Іс-шараға жалпы 30 000-нан астам адам қатысып, 60-қа жуық қоқыс тасымалдайтын және артатын техникалар жұмылдырылды. Қалалық қоқыс полигонына 220 тоннадан астам қоқыс шығарылды.