16.09.2020ж. сағат: 10-30 ZOOM форматында «Мирас» университетінің студенттеріне «Жастар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар және олардың алдын алу» тақырыбында онлайн дәріс өткізілді. Дәрісті құқық секторының з.ғ.к., аға оқытушы Имашев Б.Е. және з.ғ.к., аға оқытушы Утаров К.А. жүргізді.
Дәрістің мақсаты: студенттерге қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жайлы түсінік беру және оның алдын алу мәселелерін қарастыру.
Дәріс барысында студенттер қылмыстық құқық бұзушылықтар және жаза түрлеріне байланысты сұрақтар қойып, белсенді қатысты.
Нәтижесінде з.ғ.к., аға оқытушы Имашев Б.Е. студенттерді түрлі қылмыстар жасауды болдырмауға, одан сақтануға шақыра отырып, қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтарға жол бермеуіне бағытталған іс-шаралардың кең ауқымда өткізіп отыруды ұсынды.