2 қыркүйек 2020 жылы сағат 10-00-де «Мирас» университетінің ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын талқылады.
Әлеуметтік тәрбие жұмысы бойынша проректор Султанова В.И. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы маңызды мәселелерге, әлеуметтік саясат және денсаулық сақтау мәселелері, өмір бойы білім беру тұжырымдамасы, «Нұрлы жолдың» екінші кезеңі және моноқалаларды дамыту және басқа да маңызды мәселелер туралы қысқаша тоқталды.
«Мирас» университетінің ұжымы Мемлекет басшысының Қазақстан халқы алдына қойған міндеттерін жүзеге асырудың түрлі аспектілерін талқылады.