2021 жылдың 26 қазан айында Тарих ғылымдарының профессоры Абдухайымов Ержан Фархадұлының жоспарға сәйкес онлайн режимінде Мирас университеті «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттерінің арасында «Мәнгілік Ел» тақырыбында дәріс сабағын жүргізді. Бұл сабақтың өтілу барысында «Мәнгілік Ел» бұл-тәуелсіздік және жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, зайырлы мемлекет және жоғары руханият мемлекет екендігін және бұл ел инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім ретіндегі жалпыға ортақ еңбек қоғамы екендігін атап өтті. Студенттер зейінмен тыңдап,өз ойларын білдіріп отырды.
Іс - шараның мақсаты: Студенттерге қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, толеранттылықты, этносаралық және мәдениетаралық қарым-қатынасты дамыту, студенттердің ой-өрісін кеңейту, қазіргі қазақстанның жетістіктері туралы білімдерін тереңдету, студенттердің мемлекеттік тілді тануға және үйренуге танымдық қызығушылығын жандандыру; студенттердің бойында мәдениетке, тарихи өткенге және Қазақстанда тұратын халықтардың мұрасына деген сүйіспеншілікті, құрметтеуді, төзімділікті тәрбиелеу;
Іс -шараның нәтижесі: Студенттердің бойында патриотизмді қалыптастыра отырып, саяси саналыға мен таным белсенділігін арттыру, рухани – адамгершілік тәрбиесін тәрбиелеу, зияткерлік қабілеттерін дамыту.
(Қамтылуы: 40студент)