10.10.2021 жылы Мирас университетінің Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер және құқық секторының оқытушысы А.Н.Сейілбекованың 214-11, 115-11 топтарымен Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер – ұлттық патриотизмнің бастауы» тақырыбында әңгімелесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты: студенттерді туған жерімізді барлық құндылықтарын паш ету арқылы ұлттық патриотизм рухын қалыптастыру және нығайту.
Әңгімелесу барысында А.Н.Сейілбекова «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы болашағымызды айқындап, бағытымызды бағдарлап берген маңызды құжат. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жер адам баласының мөлдір бұлағынан сусындап, кіндік қаны тамған мекені.
Жалпы алғанда студенттермен тақырып арқылы ұлттық патриотизм рухын қалыптастыру және нығайту керек екені талқыланды.