Жаңалықтар

Мұқағали Мақатаев

23.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өткізілді.Мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, өлең,  поэмаларымен танысу.

«Отбасы-отанның іргесі»

23.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде білім алушылармен «Отбасы-отанның іргесі» тақырыбында кездесу өткізілді. Мақсаты - жастарға салт-дәстүр құндылығын және отбасы мүшелерінің арасында дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру.  Кездесуге Шымкент қаласы Тұран ауданы Ардагерлер кеңесінің орынбасары Бердіходжаева Сауле, Ардагерлер кеңесінің мүшесі Битанұлы Сенбек және “Асыл әжелер” тобының мүшелері және Абай ауданының жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Құдайберген Гүлбибі Камалбекқызы қатысты.  Кездесуде отбасы құндылықтарын дәріптеу мен оның құнына жете білу жөнінде салихалы әңгіме өрбіп, жастарды ел мен жерді сүюдің құны отбасынан басталатындығы айтылды.

«Лудомания» және «Алаяқтықтың алдын алу»

21.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Шымкент ҚПД Тұран АПБ Кәмелет жасқа толмаған жастар жөніндегі полиция аға лейтенанты С.Илияс білім алушыларға  «Лудомания» және «Алаяқтықтың алдын алу» тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Қазақтың Қанышы»

20.02.2024жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Қазақтың Қанышы» тақырыбында білім алушылармен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Жастарға Қаныш Сәтпаевтың өмірі мен еңбек жолдарын таныстыру. Адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.

Ерте жүктіліктің алдын алу

14.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Дау Мед Жастар денсаулық орталыгының» мамандары врач-гинеколог Екатерина Вячеславна Телегина және психолог Абатова Гулфайруз Утарбаевна білім алушылармен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында білім алушылар өздерінің денсаулықтарына байланысты сұрақтарына жауап алды.

«Ата-ананың қадірі»

08.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Ізгілік» қоғамдық қорының басшысы Қайрат Бақытұлымен «Ата-ананың қадірі» тақырыбында TEDx- форматында кездесу өтті. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, рухани білім алды.

Дәстүрлі Ислам дінінің маңызы және кереғар діни ағымдардың алдын алу

05.02.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Дәстүрлі Ислам дінінің маңызы және кереғар діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында білім алушылармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Шымкент қаласы дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан білім алушылармен сауалнама жүргізді. Жергілікті ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі Сүйін Жұмағали студенттер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар арнайы дайындалған видеоролик көрсетіліп, студенттер қызықтырған сұрақтарын қойды.

Алаяқтардан сақтану жолдары

Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарға өз  деректерін өзгеге ұсыну кезінде аса сақ болу керектігін ескертеді.

Сақ болыңыздар, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз.

Лудомания, суицид, отбасындағы зорлық-зомбылық, буллингті болдырмау және білім алушыларға есірткі, психотропты заттардың айналымы

12.01.2024 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Тұран аудандық полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Абай Айғаным Мұхтарқызы және колледж психологтары білім алушылармен «Лудомания, суицид, отбасындағы зорлық-зомбылық, буллингті болдырмау және білім алушыларға есірткі, психотропты заттардың айналымы" тақырыбы бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында білім алушылар көптеген ақпараттар алып,қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Елбасы медалі

«Мирас» колледжі мекемесінің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының 1 курс студенті Ташметова Хадича Гуламжановна «Елбасы»  күміс медалін иеленді. Құттықтаймыз!   Бұл жоба жасы 14 пен 29 жастағы Қазақстан жастарына арналған. Қатысушылар «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап , жеті бағыт бойынша білімін жетілдіреді: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі.