19-Наурыз – ежелден тазару мен жаңару мейрамы. "Ескі жыл, есірке, жаңа жыл, жарылқа" деп жақсы тілек тілеп, бір серпіліп, бой жазатын, ішкі тазалық пен сыртқы тазалыққа тағы бір мән беретін күн. Осы үрдісті жалғастыру мақсатында колледжіміздің жастары колледж ауласын тазарту, ағаштарды әктеу, көшет отырғызу жұмыстарын жүргізді.