Жаңалықтар

"ЖІГІТ СҰЛТАНЫ - 2022" байқауы

25.03.2022ж. Мирас колледжі мекемесінде "Ұлыстың Ұлы күні" Наурыз мерекесіне орай білім алушылар арасында колледжішілік "ЖІГІТ СҰЛТАНЫ - 2022" байқауы өтті. Туған жер, отан, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері және зияткерлік ойға арналған сұрақтарға жауап берді. Сері жігіттер әр сайыс арасында әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, көрермендерді ыстық ықыласқа бөледі. Ұландардың өнері талапқа сай болды. Қорытындысында Қ-201 тобының білім алушысы Аман Бақдаулет "ЖІГІТ СҰЛТАНЫ - 2022" байқауының жеңімпазы атанды.Сайыс соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, колледж әкімшілігі тарапынан түрлі сыйлықтар үлестірілді.

«Берекелі дастархан» байқауы

Мирас колледж мекемесі «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мерекесін дәріптеу мақсатында «Берекелі дастархан» атты үздік ұлттық қазақ тағамдар байқауын ұйымдастырды.

Наурыз - бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

Байқауда «Гран-При» жүлдесін – ТК-201 тобы иеленді.«Ең дәмді көже» номинациясында Қ-211 тобы, ал «Заманауи қойылым» -ды М-212 тобы көрсетті. «Ұлттық дәстүрді жаңғырту» номинациясында А-201 тобы марапатқа ие болды.

«Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мерекесі

"Мирас" колледжі" мекемесінің бүгінгі күні «бәйгеден» басталды. «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мерекесіне орай  ұйымдастырылған іс –шаралар аясында «Ұлттық ойындар» спартакиадасы өтті

Мақсаты: ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын насихаттау және танымал ету, дене шынықтыру және спортпен айналысу арқылы студенттерді салауатты өмір салтына тарту.

"Ұлттық ойындар" спартакиадасының нәтижесі бойынша Гуманитарлық пәндер, педагогика және психология бөлімінің «Нартұлға» командасы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып,бағалы сыйлықтарға ие болды.

Психологиялық семинар

 2022 жыл 10 наурызда “Мирас” колледжі” мекемесінде "Психологиялық денсаулық , көңіл-күй күйзелістері және деструктивті мінез-құлықтың алдын алу" тақырыбында семинар өтті.

Семинар "Жастар ресурстық орталығы" КММ мамандарымен бірлесіп жүргізілді: психолог А.Е.Қалдыбай, колледж психологы О.А.Ким және медбике Ж.С.Сарынбетова.Колледж білім алушылары медициналық білімін толықтырып, өз сауалдарына жауап алды.

Мақсаты: жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсауға қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізу. Девиантты жане деликвентті мінез-құлықтағы жасөспірімдерге мінез-құлық ауытқушылығының алдын - алу.

Халықаралық әйелдер күні

«Мирас» колледжінде Халықаралық әйелдер күніне орай студенттер арасында іс-шара өтті.

Іс-шара бірнеше кезеңнен тұрды: құттықтау, байқаулар, сыйлықтар және дискотека!

Студенттер түрлі байқауларға қатыса отырып, Smart сағаттар сияқты бағалы сыйлықтарға ие болды. Жиналғандардың көңіл-күйін көтерген тамаша, жылы атмосфера орын алды.

Дипломдарды салтанатты табыстау кеші

2022 жылдың 3 наурызында «Мирас» колледж» мекемесінде «Шаштараз өнері және сәндік косметика»,«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Туризм» мамандықтары бойынша түлектерге дипломдарды салтанатты табыстау кеші өткізілді.

Колледж әкімшілігі түлектерді оқуды сәтті бітіргендерімен құттықтап, кәсіби салада табыстар тіледі.

Түлектерге Ақ жол тілейміз!

Дипломдык жобаны қорғау

«Мирас» колледжі мекемесінде оқу жұмыс жоспарына сәйкес "Шаштараз өнері және сәндік косметика" және "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының бітіруші топтарында дипломдык жобаны қорғау өткізілді. Сонымен қатар «Туризм» мамандығының білім алушылары қорытынды және кешенді емтихан тапсырды. Қорытынды аттестация комиссия мүшелері колледждің әлеуметтік серіктестерімен жұмыс берушілерден құралды. Комиссия мүшелері әр бір жұмысты мұқият қарап, өз бағаларын берді. Дипломдық жобалар жоғары дәрежеде екенін атап, өздеріне ұнаған бітірушілерді жұмысқа шақырды.

«Үстел теннисі» бойынша сайыс

Мирас» колледжі мекемесінде «Жалпы білім пәндері» апталық жоспары аясында «Дене тәрбиесі» пәнінің оқытушылары: Қалдыкозов А.Б, Ховрина Н.В, Иса А.Т колледждің 1-3 курс білім алушылары арасында «Үстел теннисі» бойынша сайыс өткізді.

Мақсаты:

Студенттердің спорттық және ойын іс-әрекетіндегі қозғалыс және коммуникативті тәжірибесі арқылы үстел теннисіне қызығушылық пен әмбебап қабілеттерін дамыту.

«Детективті агенттік» біріктірілген сабақтан тыс іс-шара

16.02.2022 ж «Мирас» колледжі мекемесінде «Жалпы білім беру пәндері» ПЦК апталығының жоспарына сәйкес «Математика» пәнінің оқытушысы Колобова О.В және «Орыс тілі» пәнінің Курносова М.В «Есеп және аудит» мамандығының УА-212 тобының «Детективті агенттік» тақырыбында біріктірілген сабақтан тыс іс-шара өткізді.

Мақсаты:

  • орыс тілі мен әдебиеті, математика сабақтарында алған білімдерін біріктіру;
  • стандартты емес міндеттерді шешу кезінде білім алушылардың шығармашылық тапқырлығын дамыту.

«Химия» пәнінен сабақтан тыс іс-шара

15.02.2022 ж Мирас» колледжі мекемесінде «Жалпы білім беру пәндері» ПЦК апталығының жоспарына сәйкес «Химия» пәнінің оқытушысы Жекеева Н.Б колледждің 1-курс білім алушыларымен «Улица Ломоносова» тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өткізді.

Мақсаты:

  • Заттар мен құбылыстар туралы алған білімдерін жинақтау және жүйелеу, теориялық және нақты материалдарды салыстыру.
  • М.В.Ломоносов туралы білімдерін кеңейту, оның жұмыстарының маңыздылығын атап өту.