08.09.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Жастар Ресурстық Орталығы КММ-нің қоғаммен байланыс және ақпаратты талдау бөлімінің басшысы Сұлтан Ақерке Өскенбайқызы және Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан Жұмаханұлы,Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инспекторы Кыпшакбаев Рауан Мухитулымен бірлесе отырып, қала аумағындағы орта оқу орындарының жастары арасында «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында колледж білім алушылармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында білім алушылар белсене қатысып, өз ойларын жеткізе отыра, дінге қатысты ойларында жүрген барлық сауалдарға жауап ала алды.