Жаңалықтар

«Жаңа кітаптар» атты кітап көрмесі

20.03.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес «Жаңа кітаптар» атты тақырыпта кітап көрмесі қойылды. Көрменің негізгі мақсаты-жаңа түскен кітаптармен оқырман қауымды таныстырып, кітап оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді өткізуге түрткі болу. Білім алушыларға кітапханамызға келген кітаптарға шолу жасау. «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» -мамандығы жоспар бойынша жаңа кітаптармен таныстырды. Мамандықтары бойынша кітаптардың қажеттілігі орасан зор.

Наурыз спорттық ойындар

Наурыз" мерекелік іс-шарасы қарсаңында бізде ойын жарыстары өтті.

Мақсаты: студенттерде патриотизмге, Қазақстан халықтарының ұлтаралық бірлігі мен келісіміне, Қазақстан халықтарының дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәуелсіздік пен қатал көшпелі өмір үшін күрес жағдайында қазақ халқында дене тәрбиесінің өзіндік жүйесі қалыптасты. Оның негізінде ұлттық спорт түрлері мен ашық ойындар болды. Бәсекелестік сипат жастардың бойында күш, ептілік пен төзімділіктің дамуына, батылдыққа, батылдыққа және басқа да қасиеттерге тәрбиелеуге ықпал етті.

Біздің балалар жақсы, керемет ойын көрсетті. Жеңілгендер болған жоқ! Достық жеңді!

Келесі спартакиадаға дайындалыңыз.

«Қош келдің әз-Наурыз»

15, 16, 17 наурызда Наурыз мерекесі қарсаңында іс-шаралар жоспары белгіленді.

15 наурыз бөлімше арасында кабинеттерді безендіру.  Жүлде қоры 60 000 теңге.

16 наурызда колледж аясында қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіледі. Сыйлық қоры тәттілер себеті.

17 наурызда колледж аумағында ойындар мен жарыстар, "Арқан тарту" және "Асық ату" сияқты дәстүрлі ойындар өтеді. Жүлде қоры бокстар тәттілермен. Бізге келгісі келетін барлық адамдар, тіпті мектеп оқушылары да қатыса алады. Жақынырақ танысудың уақыты келді.

«8-наурыз Халықаралық арулар мерекесі»

07.03.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде атаулы «8-наурыз Халықаралық арулар мерекесіне» орай концерт ұйымдастырылды. Іс-шарада білім алушылардың ізгі ниеттері мен өнерлерін тамашалап, ойындар ұйымдастырылды. Колледж ер азаматтары қауымы барлық ұжымдағы қыз-келіншектерді концерттік бағдарламамен құттықтады.  Құрылтайшы атынан арнайы тосын сыйлар тағайындалып ұстаздардың мерейін көтерді. Мерекелік шара өз дәрежесінде көңілді, қызықты өткізілді.

«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы

Мәдениет және спорт министрлігінің «Архив істері және болашақ ұрпақ» жобасына сәйкес 2023 жылдың 2 наурызында «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ ұжымы архив құжаттарын пайдалана отырып, еліміздің тарихына қызығушылықты арттыру, архив құжаттарын насихаттау,  жас ұрпаққа ғылыми жұмыстарын жүргізу мен зерттеушілікке баулу мақсатында «Мирас» колледжі мекемесінен арнайы жастар архив тынысымен танысуға, құнды құжаттарды көріп,  еліміздің дамуына қарқынды үлес қосуға жіберілді. «Тарихыңды тани біл» көрмесі мен «Кешегі тарихымыз-ертеңгі болашығымыз» атты қысқаша деректі фильм көріп, еліміздің тарих тынысымен тыныстап қайтты.

Масленица

Масленица мерекесі – көпшілік асыға күтетін мерекелерінің бірі. Дәстүрлі Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алуға арналған христиандардың Ұлы оразасы алдындағы бір апта бойына жалғасатын мереке. «Мирас колледжі мекемесі толерантты  болғандықтан бұл мерекеден қалыс қалмай, барлығына ортақ етіп іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында білім алушылар арасынан конкурстар жүргізіліп, құймақтар әзірленіп, 1 орын алған топтарға дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Мұндағы мақсат әр ұлтты білім алушылардың достық қарым қатынастарын арттыру, ауызбіршілікке үйрету болатын.

Ерте жүктіліктің алдын-алу

02.03.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемсінде жастар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, түсік жасатудың зардабы, отбасын жоспарлау, қауіпсіз қатынастың алдын алу шаралары жүргізіліп, колледж медбикесі Жансая Сембековна арнайы мамандарды шақырды. Айта кетсек, 13 емхана терапевті Д.Д.Джаймаганбетова, психологы А,К,Хамидуллаева, А.Т.Асылханова, 13 емхана медбикелери У.А.Ашурова , Л.С.Дуйсенова , А.К.Онгар келіп дәріс оқып кетті. Мұндағы мақсат білім алушылардың денсаулық мәселесіне, тәрбиесіне немқұрайлы қарамау, ерте жүктіліктің болу салдары мен алдын алуды түсіндіріп,  жастарды сауаттылыққа баулу.

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

1-наурыз Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай қалалық орнатылған азаматтық қорғау құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Осы жоспарға сәйкес, 2023 жылдың 1 наурыз күні сағат 10:00 де дабыл (сирена) ойнатылып, «Мирас» колледжі мекемесінде қызметкерлер мен білім алушыларға жедел түрде қосымша есіктер арқылы сыртқа шығарылып, эвакуациялық жаттығу жүргізілді. Сытқа шыққан соң колледждің АӘД оқытушысы Қуанышов Байлар Отарбаевич төтенше жағдай орын алғанда  қандай инструкция бойынша қауіпсіз жерге шығуы туралы түсіндірме жұмыстарын жасады.

Алғыс айту күні «Қазақ елі-бауырмалдықтың мекені»

01 Наурыз «Алғыс айту» күні-Қазақстандық патриотизмнің, еліміздің халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің көрінісі. Осыған орай, «Мирас» колледжі мекемесінің ұйымдастыруымен «Қазақ елі-бауырмалдықтың мекені» тақырып аясында арнайы құттықтау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында колледждің директоры Нургуль Курбановна сөз сөйлеп, әріптестер мен білім сүйер жастарды құттықтап, алғыс білдірді. Сонымен қатар, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Женисгул Ерболқызы белсенді жастармен бірігіп, барлық топ сағаттарына кіріп, алғыс айтылды. Осы сәтте білім алушыларымыз бір-бірімен қолдан жасалған ашық хаттарын өзара алмасып, мерекелік көңіл-күй сыйласты. Хат арқылы бала өз көзқарасын білдіре алады, адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатады және баланың айналасындағы адамдарға ризашылық және бауырмалдық сезімдерін оятуға негіз болады.

Кітапхананың бір күндік тіршілігі

«Мирас» колледжі мекемесі кітапхананың бір күндік тіршілігін таныстыру, кітап оқырманның қолына түскенше қандай дайындықтан өтетіндігін көрсету мақсатында колледжіміздің кітапханаға үнемі үзбей келіп тұратын білім алушылармен бірлесе отырып, келген кітаптарға шолу жасадық. Білім алушылар қызығып, ұқыпты, белсене ат салысты. Кітапханаға жаңадан келіп түскен кітаптарды инвертарлық кітапқа тіркеп, кітапхана мөрі басылды. Келген кітаптарды электронды кітапханамызға тіркеп, алғашқы каптамадан ашылған кітаптарды үздік оқырман деп танылған студенттерге табысталды. «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәкес жастарды кітапқа тарту, көркем әдебиеттерге қызығушылығын арттыру үшін жүргізілген шара керемет дәрежеде өтілді.