Мирас Университетінің ресми сайты

Студенттерге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық саясат: тұжырымдамасы мен құрылымы» тақырыбындағы құқықтық дәріс

16.04.2021 жылы құқық секторының магистр аға оқытушысы Алтаева М. О. «Мирас» университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық саясат: тұжырымдамасы мен құрылымы» тақырыбында дәріс оқыды.

 

Дәріс ПТ-2011-р1,2,3,4 топтары үшін 204 ауд.оффлайн форматта өтті.

Бұл дәрістің мақсаты қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының теориялық мәселелерін қарастыру болып табылады.

Алтаева М.О.  өз сөзінде БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес туралы анықтамалық құжатында «сыбайлас жемқорлық – бұл жеке мақсатта пайда алу үшін мемлекеттік билікті теріс пайдалану» деп көрсетілгенін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендей бастауы үшін жүйелі және прогрессивті әрекет ету қажеттігін атап өтті.

Нәтижелері: студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының ғылыми негізделген тұжырымдамасымен танысты.