Әскери қызметке шақыру

Еліміздің қорғаныс әлеуетін арттыру, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті дарыту және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында әскер жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы кезекті кездесу Мирас колледжі мекемесінде өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің ардагері Джандарбеков Бахтияр Абдильхаевич және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілі Темирбаев  Ердаулет Агментаевич қатысып, студент жастармен еркін форматта пікір алмасты.

 

Кездесу барысында әскери қызметтің қоғамдағы рөлі, ел тыныштығын сақтаудағы маңызы және Отан алдындағы борышты абыроймен атқарудың мәні жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар жастарға әскери тәртіптің ерекшеліктері, патриоттық тәрбиенің маңыздылығы және болашаққа нық қадам жасаудың жолдары туралы пайдалы ақпараттар ұсынылды.