Алмас қылыш

Наурызнама онкүндігі аясында 26 наурыз күні Мирас колледжінде студенттерге арналған патриоттық рухтағы іс-шара өтті. Іс-шара барысында қазақ тарихының маңызды кезеңдерін бейнелейтін «Алмас қылыш» фильмі көрсетілді. Фильм арқылы көрермендер ел тарихына үңіліп, батыр бабаларымыздың ерлігі мен қайсарлығын тағы бір мәрте сезінді.

 

Мұндай тағылымды шаралар жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосады.