Наурызнама онкүндігі аясында 25 наурыз күні «Балалар кітапханасы» жобасы шеңберінде «Кітаптар айналымы» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, бос уақытты тиімді пайдалану және рухани құндылықтарды насихаттау. Акция барысында әрбір кітапқа екінші өмір сыйлау, біліммен бөлісу идеясы кеңінен дәріптелді. Қатысушылар өзара кітап алмасып, оқуға деген қызығушылықтарын арттырды.
Кездесудің арнайы қонағы – Қынатова Анар Амалбекқызы, Әл-Фараби ғылыми әмбебап кітапханасы өнер-білім бөлімінің қызметкері. Қонағымыз кітаптың маңызы, оқу мәдениеті туралы ой бөлісіп, жастарды кітап оқуға шақырды.


