Таза табиғат – жасыл талдан басталады

«Таза табиғат – жасыл талдан басталады» тақырыбында Наурызнама онкүндігі аясында «Мирас» колледжінде игі іс ұйымдастырылды. Колледж ауласында ағаш отырғызу акциясы өтіп, студенттер мен оқытушылар табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Әрбір егілген тал – болашаққа жасалған қамқорлық, келер ұрпаққа қалдырылған жасыл мұра.

 

Бұл бастама қоршаған ортаны аялауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған жерімізді көркейтуге бағытталған маңызды қадам болды.

https://www.facebook.com/share/r/1bzAq3uiPC/