«Мирас» колледжі мекемесінде «Мамандықтар жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – студенттерге мамандықтар туралы кеңінен ақпарат беру, болашақ кәсіби бағыттарын айқындауға көмектесу және еңбек нарығына бейімдеу болды. Жәрмеңке барысында түрлі мамандықтар таныстырылып, студенттер өз қызығушылықтарына сай бағыттармен танысты. Қатысушылар белсенділік танытып, өз сұрақтарына жауап алып, пайдалы мәліметтерге қанықты.
Осындай шаралар – жастардың кәсіби дамуына жол ашып, олардың саналы таңдау жасауына үлкен мүмкіндік береді.


