Меморандум

Бүгін «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей қоры мен «Мирас» колледжі мекемесі арасында өзара ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылды. Аталған меморандумның негізгі мақсаты – білім беру, ғылыми-зерттеу және мәдени-танымдық бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту, студенттердің тарихи-мәдени білімін арттыру және тәжірибелік дағдыларын дамыту болып табылады.

 

Бұл меморандум – екіжақты серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, білім мен тәжірибені ұштастыруға бағытталған маңызды қадам. Алдағы уақытта аталған келісім негізінде бірлескен жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып, нақты нәтижелерге қол жеткізіледі деп күтілуде.