Ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру

20 наурыз – Ұлттық спорт күні «Ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында Мира колледжі мекемесінде ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және қазақтың дәстүрлі ойындарын дәріптеу болды. Студенттер белсенді қатысып, өзара бақ сынасты. Ойын барысында ептілік, жылдамдық, күш пен ұйымшылдық айқын көрініс тапты. Қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен өнер көрсетіп, ұлттық рухты сезіне білді.