2024 жылдың 27 желтоқсан күні «Мирас» колледжі» мекемесінде «Құқық бұзушылық және нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Профилактикалық жұмыстарды Тұран АПБ басшысы полиция майоры Иргебаев Жандос Тлеуханович және де Тұран АПБ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Жантуганов Нурислам жүргізді. Студенттерге қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.