Үміт, сенім алға жетелейді

2024 жылдың 17 желтоқсан күні "Мирас" колледжі мекемесінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Үміт, сенім алға жетелейді" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Жастар арасында мінез-құлықтың алдын алу және олардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру бойынша семинар-тренинг өтті. Семинар-тренинг барысында психолог маман жастар арасында жиі кездесетін мінез-құлықтың алдын алу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, әртүрлі өмірлік жағдайларда оң шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық жаттығулар мен ойындар ұйымдастырылды. Студенттерге қиын жағдайларда қалай әрекет ету, өз эмоцияларын басқару, және дұрыс қарым-қатынас орнату жөнінде кеңестер берілді.