21.11.2024 жылы «02310100 – Аударма ісі» мамандығының, 1 курс ПД-242 тобының білім алушыларын мамандықпен танысу аясында, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі №13а мекен-жайында орналасқан «Шымкент қаласы мәдениет,тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасының А.Пушкин атындағы қалалық әмбебеап кітапханасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі (American Corner Shymkent)» мекемесіне экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия мақсаты: Студенттерге «Аударма ісі» мамандығының теориялық және практикалық негіздерін түсіндіру, аудармашы жұмысының маңыздылығы мен жауапкершілігін көрсету, аудармашылардың жұмыс істейтін негізгі салаларымен таныстыру (медиа, құқық, экономика, ғылым, дипломатия және т.б.), олардың кәсіби қызметінің әртүрлі қырларын көрсету.