2024 жылдың 19 қараша күні Мирас колледжі мекемесінде “Жастар ресурстық орталығымен” бірлескен жоспар бойынша “Нашақорлық қоғам дерті” тақырыбында кездесу жұмыстары жүргізілді. Кездесуге Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Кеңес Сержан Абзалұлы, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Баймурунова Раушан Асановна, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің инспекторы Палхожаева Гулмира қатысты. Кездесудің мақсаты студенттерге нашақорлықтың зияндылығымен адам өмірі деген қауіптілігін жеткізу.