Ерте жүктіліктің алдын алу, қыздар гигиенасы

2024 жылдың 18 қараша күні «Мирас» колледжі мекемесінің 1 курс қыздар білім алушылар арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу, қыздар гигиенасы» атты Дау Мед Жастар Денсаулық Орталығының гинеколог маманы Телегина Екатерина Вячеславовнамен кездесу жұмыстары жүргізілді. Кездесудің мақсаты: жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау дағдыларын қалыптастыру, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу,қыздар гигиенасын сақтау.