«Мирас» колледжі мекемесінде 1 Қыркүйек Білім күніне орай «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, жастардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына ұлағатты ұстаздарымыздың, қоғамның да ықпалы зор екені анық.
«Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті, білімді, еңбек сүйгіш, мәдениетті, өз құқығын білетін, бойында адами құндылықтары дарыған, саналы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз.
2 қыркүйек күні колледж студенттерінің қатысуымен “Менің Отаным - Қазақстан” тақырыбында дәстүрлі сынып сағаттары өтті.

