Халықаралық туризм күні

Бүгін 27-ші қыркүйек Халықаралық туризм күні. Колледжімізде осы мерекеге орай қала ішінде екі қабатты “Қызыл автобуспен” экскурсия ұйымдастырылды. Туризм мамандығында оқитын 50-ден аса студентіміз қызықты серуеннің куәсі болды!

 

Шымкент қаласындағы жаяу туризм туралы естігенсіз бе? Иә, иә жаяу туризм! Шымкент қаласында гид-экскурсовод Евченко Александр Викторович мерекеге орай колледж білім алушыларна Қазыбек би көшесінен басталатын қызықты экскурсия өткізіп берді!

 

Туризм күні әр жерде әр түрлі тойланады! Мысалы, туристік көрмелер, туристік іс-шаралар, туристік фестивальдар болуы мүмін, ал біздің колледжіміз экскурсиямен қатар туристі квест ұйымдастырды. 5-этаптан тұратын бұл сайыстың ерекшелігі білім алушыларымыздың осы мамандыққа деген қызығушылығын ояту болатын! Барлық қатысушылар грамота және сыйлықтар иемденді! Туризм күні құтты болсын! Сіз саяхаттайтын мемлекет көп болсын!