19.05.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның ұйымдастыруымен «Мейірім- жүректен» айлық жоспары және «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында «Мейірімділік-рухани жан байлығы» атты кітап көрмесімен қатар әдеби кеш өткізді. Кештің негізгі мақсаты білім алушыларды көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ойлау, сөйлеу шеберліктерін арттыру, студенттерді қайырымдылыққа, мейірімділікке тарту болатын. Осы ретте Гүлшат Ибикеновна жылдық қорытынды жасап, кітапханаға жиі келушіге «Ең үздік оқырман» марапатын сыйлады.