12.05.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Мейірім-жүректен» акциясы аясында ұйымдастырлған «Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында 13-ші емхананың терапевт мамандары Джаймагамбетова Дина Джетисовна мен медбике Лайла Сейтхановна Дуйсеновамен кездесу өтілді. Кездесу барысында медбикелер студенттер арасында жақсы ахуал қалыптастырып, байланыс орнатты. Білім алушылар емін-еркін сұрақтарын қойып, жақсы көңіл-күйде қайтты.