04.05.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Мейірім-жүректе» акциясы аясында «Галстуксыз бір сағат» тақырыбында еркін форматта ардагерлермен кездесу өткізілді. Шара барысында білім алушылар көкейлерінде жүрген сұрақтар қойып емін-еркін ардақты азаматтармен сұхбаттаса алды. Еліміздің бетке тұтар тұлғалары қонақта болып, өздерінің қызықты әрі тарихи оқиғаларын баян етіп берді. Студенттер ардагерлердің әңгімесінен жігерленіп қайтты.