1-мамыр Қазақстан халықтар достығы күні

28.04.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде 1-мамыр Қазақстан халықтар достығы күніне орай, керемет мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекенің негізгі мақсаты: әртүрлі ұлт өкілдерін шоғырландырып отырған білім ордасындағы білім алушыларды бір-бірімен достастыру, жақын қарым-қатынаста бірлік сақтау болды. Барлық ұлт өкілдері өз өнерлері мен салт-дәстүрлерін таныстырып, қызықты күнге айналдырды. «Мирас» колледжі әкімшілігі сіздерді Халықтар достығы күнімен құттықтай отыра, бірлік, ынтымақтастық, татулық  тілейді!