25.04.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесі Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мұндағы негізгі мақсат жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу керектігі, жемқорлыққа итермелеген жағдайда кімге барып жүгіну керектігі туралы, заңдарды қатаң сақтансақ ешқандай мәселе туындамайтындығы туралы айтылды. Білім алушылар ойында жүрген сауалдарын еркін қойып, бір-бірімен ой бөлісті.