21.04.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Жасөспірімдер арасында әлімжеттік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу» профилактикасы өтті.
Мақсаты: білім алушыларға зорлық-зомбылық, буллинг және кибербуллинг туралы мағлұматтар беру. Зорлық түрлерін талдау арқылы адамның ең басты құндылығы оның бостандығы жайлы және адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғау туралы мәліметтер беру.
Кəмелет жасына толмағандардың құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу заңдарымен танысты. Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жəне жазалау мəселелері ҚР Қылмыстық Кодексінің VI бөлімінде қарастылған.