Мархаббат Байғұт және оның шығармашылығы жайында дөңгелек үстел

10.04.2023 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде кітапханашы Гүлшат Ибикеновнаның ұйымдастыруымен Мархаббат Байғұт және оның шығармашылығы жайында дөңгелек үстел өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты аталған жазушының мерейін асқақтатып жасаған жұмыстарын көтеру, ұрпаққа жеткізу. Мархабаттың сөз қолданысын, тіл өрнектерін, айшықты арнайы ой өрісін жеткізе білетін өнерін балаларға көрсету, үлгі ету. Шара барысында Т-221г тобының білім алушысы Сапарбек Зарина «Жоғалған жұрнақ» әңгімесіннен алған әсерімен бөлісті. Желтоқсан оқиғасына байланысты болғандықтан, кейіпкерлермен жас ерекшеліктері ұқсас болғандықтан осы әңгімесіне қызыққандығын айтады.