Шымкентте «WORLDSKILLS SHYMKENT – 2023» халықаралық чемпионаты басталды

Шымкентте жұмысшы және кәсіби мамандықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «WorldSkills Shymkent – 2023» Халықаралық чемпионатының аймақтық кезеңі басталды.

Кеше Шымкент қаласының Жастар Ресурстық Орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент жастары арасында өтетін дәстүрлі ”WorldSkills Shymkent-2023” чемпионатының ашылу салтанаты атап өтілді. Ағымдағы жылдың 17-21 сәуір күндері аралығында өтетін өңірлік чемпионатқа 18 колледжден 204 студент 45 құзыреттілік бойынша қатысып, бағын сынамақ.

 

«Мирас» колледжі «WorldSkills Shymkent – 2023» аймақтық чемпионатына 8 құзіреттілік бойынша 13 студент қатысуда.  «Шаштараз өнері» және «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» құзіреттіліктері Мирас колледж мекемесінде өтуде.

Іс-шара аясында 9-11 сынып оқушыларына «Ашық есік» күндері өткізіледі. Жобада білім ұйымдарының материалдық- техникалық базасы мен жетістіктері таныстырылып, инновациялық көрме ұсынылды.