«Шахматтан» челлендж

2023 жылы 12 сәуір күні «Мирас» колледжі мекемесінде шахматтан республикалық челлендж өтті.  Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі.Челлендждің мақсаты –  шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту және балалардың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлық, өз қабілеттеріне деген сенімділікті арттыру.