28.03.2023жылы «Мирас» колледжі мекемесінде Жастар Ресурстық орталығымен бірлесе құрылған жоспарға сәйкес жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы теологтармен кездесу жүргізілді. Атап айтқанда орталықтан Арайлым Ерланқызы жастарды қонақтармен таныстырып, сөз дамытушы болды. Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан қауіпсіздік шаралар мен күдікті тұлғаларды көргенде қандай әрекет жасау керектігі туралы ескіртіп, түсіндірме жұмыстарын жасады.