16.11.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінің кітапханашысы Гүлшат Ибикеновна мен қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Женисгул Ерболқызының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес фотоконурс өткізілді. Ондағы мақсат білім алушылар қалам ұштарын қиялымен ұштастыра отырып, оқыған шығармасы арқалы кейіпкер бейнесін көзге елестете отырып, шығармашылық жұмысқа баулу болатын. Олардың салған суреттері арқылы шығарманың қызықтырған тұстарын біле аламыз. Оқиға желісі оқырманды қаншалықты қызықтырғаны мен қорғаған сөз мәнеріне қарай білім алушыларға.
- І орын Сәдібек Сандуғаш
- ІІ орын Қалдархан Маржан
- ІІІ орын Хисматуллина Сабина мадақтама қағазы және белсенді білім алушыларға алғыс хаттар табысталды.
17.11.2022 жылы дәл осы тұжырымдама аясында орыс тілі және әдебиеті оқытушылары Икбол Аликовна мен Марина Вячеславовнамен бірігіп, кітапханашы Гүлшат Ибикеновна «Книга, изменившая мою жизнь» тақырыбында эссе сайысы ұйымдастырылып, қатысушы студенттер арасында керемет деп танылған шығармалар номинациялармен марапатталып, мадақтау қағаздары табысталды.