«Оқуға құштар колледж» Әзілхан Нұршайықовтың барша кітаптарын таныстыру

16.11.2022 жылы «Мирас» колледж мекемесінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес колледж білім алушыларын кітаппен достасуға шақыру мақсатында кітапхана ішінде көрме ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты да осында қазіргі ақпаратты заманда студенттердің кітаптан алары көп, олардың талпыныс күшін  арттыратын да осы кітап екенін түсіндіру, барлық бойымызға қалыптастыратын  қасиеттер осы алпауыт білімнің арқасында екенін ұмыттырмау. Соны елеп-ескере отырып, Әзілхан Нұршайықовтың барша кітаптарын таныстыру жүргізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Білім алушыларға қызықтырған тұстарын айтып, кітаптарын оқу ұсынылды. Соның ішінде сұранысқа ие болған кітаптары «Махаббат қызық мол жылдар» және «Мәңгілік махаббат жыры» атты шығармасы болды.