«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау

11.11.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасына сәйкес колледж кітапханасында Гулшат Ибикеновнаның жетекшілігімен Шерхан Мұртазаның кітап көрмесі ұйымдастырыла отырып, білім алушылар қатарын кітап оқуға деген ынтасын арттырып, білімдерін кеңейте түсті. Бұл көрменің мақсаты  Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау. Студенттердің бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқырмандарымыздың бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.