2022 жылдың 15 қараша күні «Мирас» колледжі» мекемесінде Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында өткізілетін «Жұмыс беруші күні» іс шарасын бүгінде оқу ордасында 12 мамандық бойынша , 24 жұмыс беруші мекеме арасында меморандумға қол қойылды.
Колледждің әлеуметтік серіктестері 12 мамандық бойынша білім алып жатқан студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізіп, жұмыспен қамтиды.
“Мирас” колледжі кадр дайындаудың жаңа бағытын қолға алды. “Жұмыс беруші күні” аясында оқу ордасының ұжымы 24 компаниямен меморандумға отырды. Айта кетсек, «Мирас» колледжінде әр мамандық бойынша Оқу бағдарламалары әзірленген. Арнайы келісім-шарт негізінде білім алушылар теориялық ақпаратты іс жүзінде түрлі мекемеде жүзеге асырады. Бұл болашақ маманның біліктілігін арттырады.