04.11.2022 жылы «Мирас» колледж мекемесінде темекі шегудің адам денсаулығына зиянды әсері туралы білімді қалыптастыру үшін «Темекі шегу немесе денсаулық? Таңдау сіздікі!» тақырыбында "Спорт және салауатты өмір салты" фракциясы Октамов Зафардың басқаруымен білім алушылар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жасөспірімдердің әдеттен тыс қызығушылығын сараптап, темекі шегу (нашақорлыққа) мүлдем жоламау керектігін түсіндіріп, арнайы лекция оқылды. Білім алушылар арасында сұрақ-жауап жүргізіліп, темекінің зиянды тұстарын атап өтіп, қатысушыларға сауалнамалар жүргізілді.